The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте жалдамалы қойшы 3 айдан бері табылмай жатыр

Шымкентте 48 жастағы Асен Таңсықбаев 3 айдан бері хабарсыз кетіп, үйіне оралмаған. Әпкесінің айтуынша, ол жалдамалы қойшы болып, нәпақа тауып жүрген.

Полицияға арызданған әйел інісі маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Ер адам ұялы телефон қолдануды білмейді екен. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

ІІМ Telegram-каналындағы жазбаға сүйенсек, полиция жоғалған тұрғынды іздестіріп жатыр. 1975 жылы дүниеге келген ер адамның бойы 165-170 см. Орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған.

«Егер суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз» делінген полиция мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР САНЫ АЗАЙҒАН

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 21 көшеге шағал тас төселді

admin

Түркістан қаласында ангиографиялық жүйесі орнатылған ота залы ашылды

admin