The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте жалдамалы пәтерден 28 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте жалға алынған пәтерлердің бірінен 28 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен, сот-медициналық сарапшылардан, Шымкент қалалық полиция басқармасының тергеушілерінен және жедел уәкілдерінен құрылған тергеу-жедел тобы аттанды. Мамандар әйелдің қылқындыру салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексi 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Пәтер иесінің танысының түсініктемесімен, полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Марқұм қалаға жұмыс істеу мақсатымен келген 28 жастағы бойжеткен болып шықты. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер күдіктіні іздеп, ұстауға кірісті», – делінген хабарламада. Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру кезінде полиция қызметкерлері кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін жігітті анықтады. Ол 1994 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Күдікті Жетісай ауданында тұрғылықты жерінде ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Оқу-әдістемелік жиын: тәжірибе алмасу және жеке құрамды тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін игеру

admin

Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылады

admin

Созақ аудан әкімі жарнама саласында қызмет көрестіп отырған орталық жұмысымен танысты

admin