The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкенттегі қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған. Осыған орай 10 қоғамдық орынға 30 тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды. Қазір қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Назарбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысы Нұрсат аллеясы – 2, «Қызғалтақ» субұрқағы — 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллея – 2, Наурыз алаңы – 4, Жерұйық саябағы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 4.

Wi-Fi құрылғыларына қосылу үшін “Aimaq Wi-Fi”-ды таңдаймыз, әрі қарай “Aimaq Wi-Fi” веб-парақшасына өтеміз. Веб-парақшада өз нөміріңізді тіркеп, нөміріңізге түскен смс-кодты енгізесіз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

19 наурызға арналған ауа райы болжамы

admin

Жетісайлық ару 21 күнде кәсібін ашып, нәсібін ұлғайтуда

admin

Өмірзақ Шөкеев құрылыс алаңдарын аралады

admin