The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкенттегі темір-бетон зауыты өнімнің 70 пайызын экспортқа шығарады

Шымкент қаласында орналасқан «Әділет құрылыс LTD» серіктестігінің негізі 2011 жылдың күзінде Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен қаланған.

Су өткізу құбырлары, темір-бетон қадалар, тіректер, портал қабырғалары, жиектестар, қоршау және бетон блоктарының барлығы да кәспорында өндіріледі. Бағасы да қолжетімді. Темір бетон бұйымдарын өндіру үшін компания беріктік пен жоғары сапалы өнімге кепілдік беретін арнайы қоспаларыларды тұтынады. Айта кетейік, бұл кәсіпорын өңірдегі электрлендіру, сумен жабдықтау, құрылыстар мен автожолдар салу үшін пайданылатын құрылыс заттарын өндіретін жалғыз зауыт.

Өндіріс процесі зертхананың қатаң бақылауында. Темір-бетон бұйымдарының әр компоненті алдын-ала сынамадан өтеді. Осылайша, өндіріс ошағына тек жоғары сапалы шикізат таңдалады. Қажетті шикізат Оңтүстік өңірі мен Ресейден әкелінеді. Шығарылған өнімнің 70%-ы Тараз, Шымкент, Қызылорда, Астана және Алматы қалаларына тасымалданады. Зауыт басшысы алдағы уақытта нарыққа жаңа өнім түрін ұсынуды көздеп отыр. Сондай-ақ жұмыс орындарын көбейтіп, жылдық қуаттылығын арттыру да жоспардағы іс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ бағасы қымбаттады

admin

Кентауда «KENTAU KIDS MARATHON 2022» балалар марафоны өтті

admin

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

admin