The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Су тасқыны. Тоқаев қолдау көрсеткен Ердоғанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты. 

Қазақстан Президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді. 

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.

Ұқсас жаңалықтар

«Жаңа ритмге қосыл»: Көктөбеде ауқымды перформанс өтті

admin

Шымкенттік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

admin

Шымкент: болашағы жарқын Бозарық

admin