The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Талдыкөл ауылындағы қазіргі жағдай

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындар туралы ақпарат айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 мамыр, сағат 12.30 жағдай бойынша 231 тұрғын АПЕК колледжіне, 49 тұрғын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасына, 768 тұрғын өз қалауымен туыстарына орналасты.

Талдыкөл ауылындағы 1215 тұрғын бар.

Еске сала кетелік, 25 мамыр күні Талдыкөл ауылында жаппай эвакуация жарияланды.

Қазіргі уақытта эвакуациялау жұмыстарын ТЖМ — 29 сарбазы, Қорғаныс министрлігінің — 11 сарбазы, 9 Махамбет ауданы полиция қызметкерлері жалғастыруда.

9 қайық, 2 газель, 1 жол талғамайтын арнайы көлік бар.

Ұқсас жаңалықтар

Бозымбаев су тасқынының салдарын жоюға қатысты тапсырма берді

admin

Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне 2581 азамат тіркелген

admin

ШЫМКЕНТ: Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушы шәкіртақымен кәсібін дамытты

admin