The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Таразда құмар ойынға салынған директор өз фирмасын тонаған

Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры құмар ойынның құрсауынан шыға алмай өз фирмасын тонаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 қыркүйекте Тараз қаласының «102» арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн. теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, «Тосқауыл» жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды.

Ұқсас жаңалықтар

АЭС САЛАРДА БІРНЕШЕ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

admin

Түркістан: қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлер айыппұл төлейді

admin

Шымкент: өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарып қалды

admin