The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«Ташкент – Алматы» магистралының құрылысы

Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан алып жол құрылыстарының бірі «Ташкент – Алматы» бағытындағы магистралды А-2 автомобиль жолы. Қаланы айналып өтетін А-2 магистралы қазір қайта жаңартылу үстінде.

Осыған орай бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Яғни, аталған жолдың құрылысы 31 шақырымнан тұратын 8 кезең бойынша жүргізілуде.

Нысанның 8-ші кезеңі Бәйдібек би даңғылынан «Шымсити» шағын ауданына дейінгі аралықты қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты. Құрылыс нысанында бригадалар қазір инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жол негіздерін салу, суағар құбырларын тарту және асфальт жабындысын салу сатысында қызу жұмыс жүргізіп жатыр.

Мұрат Дүйсенбекұлы мұндағы жол құрылыс жұмыстарының бүгінде 65% пайызға орындалғанын ескере келе, әрі қарай да істі соңына дейін сапалы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, жол құрылысы барысында заңсыздықтарға бой алдырмауды, қажетті жер аумағы мемлекет қарамағына қайтарылуын міндеттеді. А-2 магистралы пайдалануға берілсе, қаланың экономикалық, әлеуметтік даму көрсеткішіне оң әсерін тигізбек.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап кімдердің стипендиясы көбейеді

admin

Қазақстанда Иранның мәдениет күндері өтеді

admin

Денсаулық сақтау министрлігі 50 дәріні МӘМС бойынша тегін берілетін дәрілер тізімінен шығарып тастады

admin