The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

2025 жылғы 14 қараша күні Жетісу ауданының комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Қағаз boom» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыру және тұрғындардың экосана деңгейін арттыру.

Акцияға аудан тұрғындары, жастар және студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газет, журнал, картон және кеңсе қағаздарын тапсырды. Нәтижесінде шамамен 2 тоннаға жуық макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

«Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы олардың экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды дамытып, жастарды табиғатты аялауға баулуды жалғастырамыз», – деді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Абдихалық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарды табиғатты қорғау мәдениетіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

 

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Қазақстанда халықтық медицинаның қандай түрлеріне рұқсат етіледі

admin

Түркістан облысының барлық аудан, қаласында балық шаруашылығын дамыту бойынша түсіндірме жұмыстары атқарылды

admin