The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

 «Ақорда» резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенім грамоталарын Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін, – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 81 жоба ұсынылған

admin

Алматыда «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі» атты республикалық форум өтті

admin

Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралады

admin