Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ге жасалған шабуылды айыптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктері бағытына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, аталған оқиға салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген.

Президент Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – дипломатиялық тетіктер мен келіссөздер екенін айтты.