Тоқаев Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің бұрынғы басшысын марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің бұрынғы басшысын ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметін басқарды, — делінген Ақорда хабарламасында.