Тоқаев заңға қол қойып, күзет пен тұрғын үй саласындағы өзгерістерді бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойып, күзет пен тұрғын үй саласындағы өзгерістерді бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұл өзгерістер күзет қызметінің жұмысын реттеу, тұрғын үй қатынастары мәселесін жетілдіру және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.