The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН САНАҚТАН ӨТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

 

Биылғы жылдың 1-ші қыркүйегінде елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Халық санағы алғаш рет цифрлы технологияларды пайдалану арқылы өтеді.

1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өтуге мүмкіндік бар. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне барынша ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылды.

Онлайн санаққа қатыса алмағандар қазан айының 1-30 аралығында интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталығы болғандықтан Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бүгінде аудандағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда. Дайындық кезеңінде жиналған мәліметке сәйкес, Әл-Фараби ауданында халық саны 219 652 адамды құрады.

Барша азаматтарды санаққа белсене қатысуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Жолдауда “жасанды интеллект” сөзі неше рет айтылды?

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ IV ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТ: За прошедший отопительный сезон количество отравлений природным газом снизилось в два раза

admin