The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Арыста каналдар тазартылуда

Биыл өңірімізде желтоқсан-қаңтар айларында қар қалың түсуіне байланысты, Арыс қаласы әкімдігі су тасқынынан келетін қауіптің алдын алу шараларын ерте қолға алды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова осы аптада көктемді күтпей, шұғыл іс-әрекетке көшіп, қала аумағындағы су жүретін каналдарды, арналарды жаппай тазалауға тапсырма берді.

Қазіргі таңда, қала аумағындағы ең ірі тасқын суды өткізетін «Қабылсай» арнасы, Қызылкөпір елді мекенінде орналасқан Бөген өзені қоқыс-топырақтан, ағаш-бұталардан тазаланып, табаны тереңдетіліп жатыр.

Ал бүгін, қарғын суды ағызып әкететін «Қабылсай» арнасының Монтайтас ауылын кесіп өтетін 3,5 шақырымнан асатын бөлігін мұздан арылтылып, механикалық тазартудан өткізілуде. Тиісті жұмыстарды жергілікті әкімдік пен «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлері арнайы техника көмегімен жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңда көктемгі қар еру кезінде тасқынға қарсы штабтар құрылып, қала аумағындағы барлық су қоймалары мен өзен көлдерге күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр

admin

Сарыағашта «Жастарға жаңа мүмкіндіктер» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

admin

ШЫМКЕНТ: 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

admin