The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан қаласы маңында су жайылу қаупінің беті қайтарылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі арналар мен каналдар тазартылып, тиісті жұмыстар жүрген болатын. Дайындық күшейтілді.

Түркістан қаласы аумағында «Арыс-Түркістан» су арнасының қала аумағында 2-ақпан сағ 18:20-дан бастап сел жүре бастады. Арна бойында орналасқан 6 көпірде жалпы 22 арнайы техника ұйымдастырылып, мұзды бұзу және арту жұмыстары жүргізілді.

Облыс, қала әкімдігі, төтенше жағдай қызметі өкілдері мен еріктілерден 150-ден астам азамат су қаупінің бетін қайтаруға күш салды. Нәтижесінде сел қала аумағына зарарсыз өтті. Түнгі 02:30-дан асқан уақытта мұз ағыны тыйылып, су деңгейі қалыпты жағдайға түсті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Таяу Шығыстағы жеті елге сәлемдемелер жіберуді уақытша тоқтатты

admin

Есірткі сатқан 19 жастағы екі студент қыздың үстінен іс қозғалды

admin

Сайрамдықтар мал бордақылаудан Түркістан облысында көш бастап тұр

admin