The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Қазығұртта заманауи үлгідегі жабық футбол алаңы ашылды

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылды.

Кіші футболға арналған алаңды ағайынды кәсіпкерлер әрі ауыл тұрғындары өз қаржыларына салған. Жасанды алаң жабық ғимаратта орналасқандықтан кез келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Онда футболшыларға барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бар.

Ағайынды кәсіпкерлер Нұркен және Олжас Өсербаевтар ауылдағы жабық футбол алаңдарының көбеюі – бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде аудан көлемінде кіші футболдың қарыштап дамуына өз септігін тигізіп жатқандығын жеткізді.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда «Қазығұрт» футбол командасы республикалық турнирлерде топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Парламентінің сенат депутаттары Арыс қаласына іссапармен келді

admin

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріледі

admin

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілді

admin