The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Кентау қалалық орталық ауруханасында бауырға ота жасалды

Кентау қалалық орталық ауруханасында «бауырдың эхинококк кистасына» ота жасалды. Науқас «Бауырдың эхинококк кистасы» диагнозымен жоспарлы түрде Сауран ауданынан жолдамамен түсті. Жылына бұндай диагнозбен ауруханада 10-15 науқасқа ота жасалып тұрады.

Эхинококкоз — бұл бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдалуымен, дененің аллергиясымен және мүгедектікке ғана емес, өлімге де әкелетін өте ауыр асқынулармен сипатталатын созылмалы гельминтоз. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Осы жануардың жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.

Аурухананың біліктілігі жоғары дәрігері хирург Жәңгірхан Бимаханұлы және реаниматолог-анестезиолог Ержан Ысқақұлы отаны сәтті жасап шықты. Науқастың отадан кейінгі жағдайы бірқалыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Орта және шағын кәсіпкерлікте 213 мыңнан астам адам жұмыс істейді

admin

Су жиналу қаупі бар 58 орын анықталды

admin

Түркістан облысында алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті

admin