The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан мен Өскемен арасында әуе рейсі ашылды

Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайда жолаушылар легі күн сайын артып келеді. Тиісінше жолаушылар терминалының да қызметі кеңейіп, қалааралық бағыттардың саны көбеюде. Жуырда киелі қаладағы халықаралық әуежайда «Түркістан-Өскемен» рейсі ашылды, деп хабарлайды uaqyt.kz

Бұл – түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған 16-әуе бағыты. Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz, probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады. Айта кетейік, Түркістандағы жолаушылар терминалында «Түркістан-Өскемен» рейсі бұған дейін іске қосылуы керек болған. Бірақ Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты аталған жаңа бағытты іске қосу кейінге шегерілген. Айтпақшы «Түркістан-Өскемен» әуе рейсі ашылған соң жолаушылар легі төмен «Түркістан-Семей» бағыты жабылды.

Ұқсас жаңалықтар

Мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллардан асты

admin

Кезектен тыс он сегізінші сессия өтті

admin

Түркістан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылады

admin