The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратДенсаулық

Түркістан облысында 800 мыңға жуық тұрғын ауыз суды арықтардан ішіп отыр

  Түркістан облысының Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы 800 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту өзекті мәселе болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған аудандардың бірқатар елді мекеніндегі тұрғындар ауыз суды Өзбекстан Республикасынан келетін каналдар арқылы санитарлық талаптарға сай емес ашық су көздерінен алса, жекелеген елді мекендер минералдылығы жоғары жер асты су көздерін пайдаланады. Осы мәселені шешу үшін, өңірде «Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады мен су құбыры» жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

 «Бұл жоба бойынша Өгем өзенінен орташа жылдық ағысы 3,5 м3/сек көлеміндегі суды бұру арқылы ауыз су ретінде пайдалану және каскадты су электр станцияларын (ГЭС) салу негізінде 165 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді», — деді Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Сәкен Далиев.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Объем валовой продукции сельского хозяйства составил 17,2 млрд. тенге

admin

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті

admin

Президент:

admin