The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысында ішімдік тұтынудан бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды

Түркістан облысында тұрғындары ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылдары қатарына тағы біреуі қосылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қоғалы ауылының ақсақалдарыа темекі мен алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл бастаманы ауыл халқы қолдады. Қоғалы — жаман әдеттен жиренген осы өңірдегі 12-ші ауыл. Полицияның мәліметінше, Қоғалы ауылында тұрғындар алкогольден бас тартқаннан кейін қылмыс қатары күрт сиреген, сонымен қатар ажырасу да тыйылған. 2022 жылы аймақтық байқауда бұл ауыл «Үлгілі  елді мекен» етінде мойындалған.

Бұған дейін Түркістан облысының Ордабасы ауданында Төреарық және Жусансай ауылдары жаман әдеттен бас тартқаны белгілі болды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының екі ауылының тұрғындары да ішімдік тұтынудан бас тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мектеп директорын сақалдылар сабап кеткен

admin

«Референдумға тіркеу»: Жаңа алаяқтық схема тарады

admin

Салық реформасы: Кәсіпкерлерге жауап беретін арнайы штаб құрылды

admin