The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 наурызда сағат 11.00-де Манкент ауылы, Айнабұлақ көшесі, «Ақсарай» тойханасында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 наурызда сағат 12.00-де Манкент ауылы, «Ақсарай» тойханасында өтеді. Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 наурызда сағат 16.00-де Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205, аудандық мәдениет үйінде өтеді, сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 наурыз сағат 17.00-де Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №205 мекенжайындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратында өтеді. Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 2 наурызға дейін сағат 09-00 ден 18-30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) жүргізіледі. Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Арыста ашылған тұқымбақ аумағы ұлғайтылды

admin

Отырар: «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары. 10 елдің басшысымен келіссөз жасалды

admin