The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: «Ордабасы нан» кәсіпорны күніне 450 тонна ұн өңдейді

Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округіндегі «Ордабасы нан» ЖШС-і ҚР индустриялы-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған.

Аталған кәсіпорынның негізі 2008 жылы қаланған. Бүгінгі таңда серіктестік күніне 450 тонна ұн өңдейді. Диірмен түркиялық автоматтандырылған озық технологиямен жабдықталған.

Сондай-ақ өндіріс орнында шикізат пен шығарылған дайын өнімді тексеретін арнайы зертхана жұмыс істейді. Мекемеде 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ондағы өнімнің тең жартысы ішкі нарыққа, жартысы Өзбекстан мен Ауғанстанға жөнелтіледі.

Аталған серіктестіктің жұмысымен жіті танысқан аудан әкімі Нұрбек Бадырақов серіктестік басшылығына аудан экономикасының дамуына қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

admin

Әскери борышкер өлімі: Командирге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

admin

Шымкент: Тұран ауданында 11 көше жарықтандырылды

admin