The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: Сарыағаштық шебер ұстаз жаз маусымында оқушыларды шығармашылыққа үйретуде

Ауыл балаларын шығармашылық шеберлікке шыңдап жүрген ұстаз Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылындағы №63 жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық қызмет етеді. Технология пәнінің мұғалімі Бахтияр Полатбеков 20 жылдан аса уақыт шәкірттерін біліммен қатар, еңбекке баулып, шығармашылықтың шыңына шығаруда. Қазіргі жазғы демалыста да ауыл балаларын қолөнер туындыларын жасауға бағыттап, уақыттарын ұтымды пайдалануға үйретіп отыр.

Балалардың  көз сүріндіретін туындыларынан мектепте көрме де жасақталған:  қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, тарихтағы батырлар мен ауыл тынысын бейнелейтін картиналар, ұлттық аспаптар сынды қолөнер бұйымдарын жасауда.

20 жылдан астам балалардың танымын кеңейтіп, шығармашылығын дамытқан ұстаздың шәкірттері де осал емес. Алды аудандық, облыстық ғылыми-шығармашылық жарыстарда топ жарып жүр. Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша көрмеге қатысып, аудандық, облыстық кезеңінде жүлделі орынды иемденгендері де бар.

Шығармашыл ұстаз көпшілікке ағаш шебері деген атпен таныс. Ағаштан түйін түйіп, жасаған түрлі бұйымдары мәдени шараларда көпшіліктің назарына көрме ретінде ұсынылады. Енді ұстаздың туындыларының қатарында өз шәкірттерінің өнерлері қатар тұруда. Ауыл мектебінің ұстазы осылайша  ұлттық өнер түрін жаңғыртып жүр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Арыс: ауыз су мәселесін шешу жайы тұрғындармен бірге талқыланды

admin

Шымкентте инфрақұрылым жүйелерін дамыту қарқын алды

admin

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы кенеттен қызметінен кетті

admin