The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Шардараның әлемді мойындатқан 2 спортшысына пәтер сыйға тартылды

Жуырда Түркия елінің Ыстамбул қаласында өткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысында Еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының қырандары – Онғарбаев Қыдырғали мен Сарыбай Ердәулет елге жеңіспен оралған болатын. Жеңімпаз спортшыларды жерлестері құрметпен қарсы алып, арнайы іс-шара ұйымдастырды.

«Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» демекші, іс-шара даңқты бапкер, чемпиондардың ұстазы Қарсыбаев Арман спортшыларды жеңістерімен құттықтап, әрқашан ел намысын абыроймен қорғай берулеріне тілектестік білдірді. Сөз соңында Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясы президенті Қарсыбаев Арман өзінің және «Шардара Армспорт» ұжымы атынан Қыдырғалиға мен Ердәулетке Шардара қаласынан 2 бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстады. Қыдырғали мен Ердәулет өз қуаныштарын жасыра алмай, ұлағатты ұстазына және барша «Шардара Армспорт» ұжымына, Шардара жұртшылығына өз алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сенаторлар халықаралық жүк тасымалы туралы заңды қарайды

admin

Аймағамбетов: Мектептерде смартфонға тыйым салу – дұрыс қадам

admin

Зейнетақы қорынан заңсыз алынған 200 млрд теңге жыры: Кім жауапқа тартылады?

admin