The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: жаңа жобалар жастар саясатын жандандырады

Бүгін облыстық Жастар ресурстық орталығында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын талқылау бойынша кездесу өтті.

Басқосуда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаев модераторлық етіп, жұмыс жоспарын баяндады.

Жиынға 17 аудан, қала бойынша Жастар ресурстық орталығының басшылары мен белсенді жастар қатысты. Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Ернар Бектаев мемлекеттік жастар саясатындағы өзекті мәселелер және 2023 жылы жастарға арналған жобалармен таныстырды.

Еркін форматта өткен кездесуде әкім орынбасары белсенді жастардың ойын тыңдап, ұсыныстарын талқылады. Сонымен қатар, жастар жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселесі мен білімді жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты ұсыныстар айтты. Бұл орайда, мемлекеттік жастар саясатындағы өзекті мәселелер назарға алынып, оның біршама шешілу жолдары айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті

admin

Абай облысында жылдық қуаты 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады

admin

«Жалпы құқықтық білім беру сабағы» өтті

admin