The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда жұмыс беруші қызметкерінің атынан 1,5 млн теңге рәсімдеген

Түркістанда жұмысшысының атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдегенін айтқан.

Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде оны тәулік ішінде анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Ол жәбірленушінің сауда дүкеніңдегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қылмыстық құқықбұзушылықтар саны азайған

admin

350 келушіге арналған емхана салынуда

admin

Жапониялық компания Қазақстан мұнайын тасымалдауы мүмкін

admin