The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістандық тағы бір оқушы шетелдің 45 жоғары оқу орнына шақырту алды

Облыс орталығындағы № 15 жалпы орта мектебінің оқушысы Дамир Аюпов шетелдің 45 жоғары оқу орнына грант жеңіп алды. Ол АҚШ, Швейцария, Германия, Испания, Малайзия, Шотландия мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.

Түркістан қаласының тумасы ұлттық бірыңғай тестілеуден 133 балл жинаған. Талапкер тестілеуді білімін тексеру үшін ғана тапсырған. Алайда әлемдік үздік жоғары оқу орындарына шақырту алды.

– Әуелі Чехияға оқуға түскен досымның жетістігіне қызығушылықтан басталды. Білім алуды басқа елде жалғастыру үшін бірінші кезекте ағылшын тілін үйрену керегін естіген бойда дайындық тобына жазылдым. Сөйтіп 10-сыныптың жартысынан бастап шет тілін тереңдетіп өтетін курста сабақ алдым. Жарты жылдың ішінде IELTS-тағы деңгейім 6,5-ға жетті. Негізінен, мектепте география, математика және ағылшын тілін сүйіп оқыдым. Сөйтіп, IT саласын таңдаймын деп жүргенмін. Бірақ 11-сыныпта бұл ойым өзгерді. Ресторан басқаруды армандай бастадым. Сөйтіп география мен ағылшын тілі пәндеріне ден қойдым. Оған еш өкінбеймін. Қазір шетелдің 45 жоғары оқу орнына шақырту алдым, – дейді ол.

Дамирдың айтуынша, оны шәкіртақысы 2,5 млн теңге болатын университеттер де шақырған. Бірақ жүрек қалауы Еуропаға түсіп тұр. Сыныптастарының арасында шетелге оқуға түскен жалғыз өзі ғана емес, олардың қатарында Корея, АҚШ пен Словакияда оқуға жолдама алғандары да бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алдын ала төлем жасағандар ақшасын қалай қайтарып ала алады? Депутат түсіндірді

admin

Жаңа заң блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді – Дайырбеков

admin

ШЫМКЕНТ: «Өңірлік брендтерді дамыту» жобасы қолға алынды

admin