The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістандық жас дзюдошылар ел чемпионатында 6 медаль олжалады

Астана қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Кіл мықтылар жиналған бәсекеде Түркістан облысының жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жеңіп алды. Сондай-ақ командалық жарыста жүлделі үшінші орынға ие болды.

Ел чемпионатында жасындай жарқылдап өнер көрсеткен 48 келідегі талантты балуан Зайнул Нұрбала жеңістің шыңын бағындырды. Ал 50 келіде күрескен Ернұр Батырғали күміс жүлдеге ие болды. Дамир Сырлыбай мен Әлихан Назымханов, сондай-ақ, талантты жас балуан қыздар Аяулым Қалмырза мен Дарья Бейсембекова қола медаль иеленді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда -35°С аяз болады

admin

М.Әйтенов: «Шымкентті инвесторлар үшін тартымды қала жасауымыз керек»

admin

Отырар: Көксарайлықтар туған жерді түлетуге үлес қосып келеді

admin