The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСаясат

Түркияда қазақ киносының апталығы өтті

 Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, Ыстанбұл мен Анталия қалаларындағы Бас консулдықтарының ұйымдастыруымен және «Qazaqfilm» АҚ-ның қолдауымен Түркияда қазақ киносының апталығы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жошы Ұлысының 800 жылдығына және қазақ киносының біртуар азаматы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орайластырылған іс-шарада Түркияның Анталия, Алания, Денизли, Мерсин, Ыстанбұл, Сакария, Измир және Анкара секілді ірі қалаларында қазақ хандығы туралы «Алмас қылыш» тарихи фильмі көрсетілді.

Алтын Орда ретінде әлемге әйгілі Жошы Ұлысының геосаяси мұрасы бірқатар еуразиялық мемлекеттердің, соның ішінде Қазақ хандығының пайда болуына негіз болғанын көрсететін отандық фильм отандастарымыздың мақтанышы мен түрік көрермендерінің қазақ халқының тарихына деген үлкен қызығушылығын тудырып, қонақтардың оң бағасын алды.

Екі бауырлас елдің тарихы мен мәдениетінің ұқсастығын ерекше атап өткен көрермендер мұндай іс-шаралардың маңыздылығына назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «еQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға 2020 жылдың IV тоқсанында енгізілді

admin

ТҮРКІСТАН: өнегелі отбасын көпке үлгі ету мақсатында «Ел ұйытқысы – ене мен келін» сайысы өтті

admin

ШЫМКЕНТ: 29,5 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin