The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тұтынушыларды қорғауда заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізіледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Мәжілісте шамамен 15 жұмыс тобы өтті. Депутаттар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.

Жаңашылдықтарға сәйкес, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау жолдарын таңдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының, оның ішінде осы салада Омбудсмен енгізу арқылы рөлін арттыру, тұтынушылар дауын сотқа дейінгі сатыда қарамағаны үшін кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу және басқа да түзетулер ұсынылып отыр, — деді спикер.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 50 866 өтініш түскені туралы осыған дейін жаздық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары қорғалып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында «Нәтиже» птлоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

admin

Шымкент: жыл сайын 300 шақырым жол жөндеуден өтеді

admin

Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударғандардың жай-күйімен танысуға арнайы жұмысшы топ барды

admin