Үш облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 8 наурызда сағат 20:00-ден бастап бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы аумағында келесі жол учаскелері жабылады:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный кенті – Павлодар облысы шекарасы);
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті).

Ақмола облысы бойынша:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы аумағында:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);
  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-415 шақырымы (Атамекен ауылы – Ақмола облысының шекарасы);
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Қалқаман кенті).

Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысы 2026 жылғы 9 наурыз сағат 08:00-де қайта ашылады.