Үш облыста республикалық жолдар жабылды

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы:

 

  • Қостанай облысының шекарасы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
  • Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
  • Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы;
  • Щучинск қаласы – Зеренді ауылы;
  • Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы;
  • Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы;
  • Ақсай ауылы – Бұзылық ауылы.

 Қостанай облысы:

 

  • Ұзынкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
  • Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы;
  • Сарыкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
  • Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы.

 Солтүстік Қазақстан облысы:

 

  • Ақмола облысының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы;
  • Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы;
  • Ақмола облысының шекарасы – Новоишимское ауылы;
  • Рузаевка ауылы – Қостанай облысының шекарасы;
  • Петропавл қаласы – Мамлютка қаласы.

 Мәліметке сәйкес, аталған жол учаскелерін 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

 Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын және жолдардың ашық-жабықтығы туралы ақпаратты нақтылап алу ұсынылады.