«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы:
- Қостанай облысының шекарасы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
- Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
- Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы;
- Щучинск қаласы – Зеренді ауылы;
- Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы;
- Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы;
- Ақсай ауылы – Бұзылық ауылы.
Қостанай облысы:
- Ұзынкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
- Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы;
- Сарыкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
- Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- Ақмола облысының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы;
- Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы;
- Ақмола облысының шекарасы – Новоишимское ауылы;
- Рузаевка ауылы – Қостанай облысының шекарасы;
- Петропавл қаласы – Мамлютка қаласы.
Мәліметке сәйкес, аталған жол учаскелерін 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын және жолдардың ашық-жабықтығы туралы ақпаратты нақтылап алу ұсынылады.
