The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Вице-премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары — сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Серік Мақашұлы Ордабасы ауданы, Бадам елді мекеніндегі “Аделя” жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Министр аталған кешенде жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Халықты жыл он екі ай көкөніспен қамтып отырған жылыжай шаруашылығының өкілдері газ, электр энергиясы, көмір бағасы арзандатылып берілсе деген ұсыныс білдірді. Тиісінше, шығын азайған жағдайда қызанақ пен қиярды да нарықта арзан бағада саудалауға мүмкіндік туатындығы сөз болды.  

Өз кезегінде министр айтылған ұсыныстарды қанағаттандыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін жеткізді. Қосымша кейбір шығындарды субсидиялау тетіктерін де  қарастыру мәселесі назарға алынды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР 7 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

admin

Елтайдағы жеті көшеге асфальт төселуде

admin

Төлебиде өндіріс пен агроөнеркәсіп қарқын алды: «Азия Милк» фермасы жылына 1400 тоннаға жуық сүт өндіреді

admin