The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«Виза жасап беремін»: Астанада алаяқтық жасаған әйел ұсталды

 Астанада ұзақ және қысқа мерзімді виза жасаймын деп адамдарды алдаған әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күдікті алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге уәде берген.

Қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін ол 60-тан астам жәбірленушімен жалған несиелік келісімдер жасап, қылмысын азаматтық-құқықтық қатынас ретінде жасыруға әрекеттенген. Жәбірленушілерге 330 млн теңгеден астам шығын келтірілген Күдікті ұсталды, оның әрекеті ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып, соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, — деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілер анықталуда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін назарға салады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында адам папиллома вирусына қарсы 24 мыңға жуық екпе егу жоспарланған

admin

ШЫМКЕНТ: Жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және косервілеу зауытын ашуды жоспарлап отыр

admin

ШЫМКЕНТ: 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы зерделенді

admin