The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Волейболдан жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті

 

Түркістан облысы, Шардара қаласында волейболдан жасөспірім қыздар арасында облыс чемпионаты аяқталды. Болашағынан мол үміт күттіретін қыздар арасындағы облыстық чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Оған 9 команда, 120 спортшы қатысты.

Тартыстыды волейбол сайысының қорытындысында үздік үштікті Отырар ауданының құрамасы түйіндесе, күміс жүлдені Шардара арулары қанжығалады. Ал өздерінің мықлықтарын дәлелдеген Түркістан қаласының командасы жеңімпаз атанып, алтын медальді иеленді.

Түркістан қаласының талантты волейболшысы Айзере Хамидулла «Үздік шабуылшы» атанса, шардаралық Эльнара Федорова «Үздік қорғаушы» деп танылды. Ал Отырар ауданының түлегі Шұғыла Мырзабай «Үздік байланыстырушы» ретінде көзге түсті.

Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы тағайындалған медальдар және грамоталар тапсырылды. Енді шеберліктерімен көзге түскен арулар облыс құрамасына шақырту алып, көктемгі ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында волонтерлік қозғалыс белсенді түрде дамып жатыр 

admin

Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен саудагерлерге қолдау көрсетуге арнаған Түркістан облыстық мәслихатының ҮНДЕУІ

admin

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

admin