The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

Зеленский Ресей соққыларының басты нысанасы не екенін айтты

Украинада энергетика нысандары, аса маңызды инфрақұрылым және тұрғын үйлер Ресейдің соққылары бағытталған негізгі нысанаға айналды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек осы аптаның өзінде Ресей әскері 1700-ден астам соққы беретін дрон, 1380-нен астам басқарылатын авиациялық бомба және әртүрлі типтегі 69 зымыран ұшырды. Ресейдің әрбір жаппай соққысы жойқын болуы мүмкін, – деп нақтылады ол.

Осыған байланысты Украина басшысы әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандар санын көбейту қажеттігін тағы да атап өтті.

Біз Америка және Еуропамен аспанды қорғау күшейе түсуі үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз, – деді Зеленский.

Айта кетейік, бүгін Зеленский Вильнюске сапармен барып, онда Литва президенті Гитанас Науседамен кездесуі басталды.

Бүгін Вильнюсте өңірдегі серіктестеріміз – Литва және Польша елдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Украинаны күшейту үшін әрбір көшбасшымен жұмыс істеп келеміз. Ресейден қандай қауіп төніп тұрғанын бәрі анық түсінуі керек, ал мұны ең жақсы түсінетін – біздің халықтарымыз. Бізге берік тұруға көмектесіп жатқан баршаңызға рахмет, – деп түйіндеді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанайда экс-шенеуніктердің мүлкі қалай қайта бөлініп жатыр?

admin

ТҮРКІСТАН: ветеринарлық шараларға дайындық жұмыстары пысықталды

admin

Екі шымкенттік жалған шот-фактура арқылы мемлекетке 700 млн теңге салық төлемеген

admin