The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары сайлауға қатысатын аудандар мен саяси науқанның күнін белгіледі.

Сессия отырысына қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев күн тәртібіндегі мәселенің өңіріміздің өркендеуі үшін маңызы зор екендігіне жан-жақты тоқталып, алдағы саяси науқанға дайындықты күшейту керектігін ескертті.

Мұнан соң облыстық мәслихат депутаттары Мейрамбек Дөненбаев қанатқақты жоба бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің сайлауын, ал Керімқұл Бегалиев Жуалы ауданы әкімінің сайлауын ұсынды. Аталған аудандар бойынша ұсыныс бір ауыздан мақұлданды.

 Ал облыстық мәслихат депутаты Дауыл Бейсенқұлов алдағы жылыту маусымына дайындық секілді маңызды шараларды ескере келе, сайлау күнін 5-ші қарашаға белгілеуді ұсынды. Айтуынша, апта соңына түсетін бұл күн саяси науқанды ұйымдастыруға қолайлы. Сессия соңында аталған мәселелер мен ұсыныстар бойынша шешім жобасы қабылданып, облыс әкімі алдағы саяси кезеңге сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ЖОЛДАУ: Тәлім-тәрбие беруде зиялы қауым өкілдеріне үлкен сенім артты

admin

Түркістанда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлт әдебиетінің абызы» еске алу кеші өтті

admin

ТҮРКІСТАН: Арыстық мектеп оқушылары алдағы тоқсанды жаңа мектепте қарсы алады

admin