The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жамбыл облысында Жуалы бағынан 700 тоннадан аса алма жиналды

Жамбыл облысында Жуалы бағынан 700 тоннадан аса алма жиналды, деп хабарлайды  turaninfo.kz 

Биыл Жуалы ауданында барлығы 427 гектар аумаққа алма ағаштары отырғызылған. Оның ішінде 389 гектардан астамы жеке шаруашылықтардың үлесінде болса, 38 гектарға жуығы үй іргесінде орналасқан. Онда жалпы алма өсірумен айналысатын 40 қожалық бар. Бүгінде жеке шаруа қожалықтар 650 тоннаға жуық өнім алса, үй іргесінде орналасқан алма бақтарынан 89 тоннадан аса алма жиналған. Жуалы жерінде 5 түрлі (Семиреченская, Золотой превосход, Айдаред, Старкримсон, Зестар) алма сорты өсіріледі. Алма өсірумен айналысатын шаруалардың бірі — Қызыларық ауылдық округіндегі «Дархан» шаруа қожалығы 70 гектар алмабақтан 300 тонна өнім алды. Қожалық иесі Дәулет Усенбаев науқандық жиын-терім жұмыстары барысында ауылдың 20 тұрғынын уақытша жұмыспен қамтыған. Жиналған өнім өңірмен қатар, көршілес Түркістан облысына жөнелтіледі. Сондай-ақ Тараз қаласында өтетін жәрмеңкелерде сатылымға шығарылуда. Серіктестік Д.Усенбаев заман талабына сай техналогияларды пайдалана отырып алма бағын күтіп- баптауда. Соның арқасында мол өнімге кенеліп отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бір күнде 2 бүлдіршін төртінші қабаттан құлап кетті

admin

Түркістанда 2500-ге жуық оқушы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттығады

admin

Моңғолдар бас тартқан «Бөрте» Түркістанда сахналанды

admin