The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселелері талқыланды

Астанада «Sarap» сарапшылар клубының «Конституция қоғамдық келісім ретінде: әлеуметтік кепілдіктер теңгерімі мен азаматтардың талап-тілегі» тақырыбындағы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтанушылар ұсынылып отырған реформалардың әділеттілік, қауіпсіздік және тұрақтылыққа қатысты қоғамдық сұраныстарға қаншалықты сай келетіні жөнінде пікір алмасты.

Қатысушылар Конституция жобасында әлеуметтік нормалар блогы кеңейтілгенін атап өтті. Атап айтқанда, құжатта білім беру, денсаулық сақтау, экономика және мәдениет салаларындағы кепілдіктер қамтылып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне де назар аударылған.

Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар қоғамдық келісімді нығайту және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін күшейту ел дамуының маңызды кезеңі екенін жеткізді. Сонымен қатар реформалардың тиімділігі құқықты қолдану сапасына және мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың сақталуына тікелей байланысты екені айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қолжетімді интернет»: Түркістан облысында 21 елдімекенде интернет базасы іске қосылды

admin

Шардараның шарболаттары әлемді тағы да мойындатты

admin

Қазақстандықтардың жартысынан көбі өмір сүру жағдайына қанағаттанады — сауалнама нәтижесі

admin