The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратСпорт

Жас спортшылар жасап тұр

Балалар жылына орай облыс орталығында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан шараның бірі – «Жазғы демалыс-2022» ашық алаң ойындары. Шараның бірінші күнінде төрт команда футбол ойынынан жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Қатысушылар: 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер. Алғашқы ойында Бекзат мөлтек ауданының «Бекзат» командасы бірінші орынды иеленіп, Тұран командасы екінші орынға жайғасты, үшінші орынды Сауран секторының «Жалын» командасы иемденді. Түркістан қалалық» Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» ұйымдастырған шара ай соңына дейін жалғасады.

Келесі ойын Отырар мөлтек ауданының №11 – №16 көпқабатты тұрғын үйлері алаңдарында өтеді. Іріктеу ойындарынан жеңімпаз атанған командалар «Спорт күнінде» бас жүлде үшін бақ сынасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: боран салдарынан жол қатынасы қиындады

admin

Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде

admin

14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

admin