The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жастар ресурстық орталығы

Кентау қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында референдум бойынша «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы семинар өткізді.

Семинарға кенді шаһардағы 34 референдум комиссиясының төрағалары мен хатшылары, аталмыш қоғамдық ұйымнан байқаушы ретінде ұсынылатын азаматтар қатысты.

Филиал төрағасы Бақытжан Әшірбаев референдум комиссиясы төрағаларының жұмысы, жалпы референдумды заң аясында өткізу мәселесіне терең тоқталды.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Бақытжан Шәкірұлы заңға сәйкес жан-жақты жауап берді.
#JanaQazaqstan
#Referendum

Ұқсас жаңалықтар

Тамыз кеңесі – 2026: Алматыда балалардың психологиялық әл-ауқаты туралы талқыланды

admin

Түркістан: кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жолдары сарапталды

admin

ШЫМКЕНТ: Көше бойындағы жарықшамдар істен шықса «Айкөмек» орталығына хабарласыңыз

admin