The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жерлесіміз — Азия чемпионы

Каратэден тағы бір жерлесіміз Азия чемпионы атанды. Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Бір алтын, бір қола медаль еншіледі.

Алпысбай Қайсар 60 келі салмақ дәрежесін бағындырды. Юлдашев Данияр 84 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздегі әлеуметтік желілер істен шықты

admin

Кентау: қаладағы жерлерге түгелдей түгендеу жұмыстары жүргізіледі

admin

«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр

admin