The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Жетісу облысында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша жинап, оны қайтармаған

Көксу ауданындағы Қызылтоған ауылында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша алып, оны қайтармаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Директордың қарызға ақша алғаны және оны қайтармағаны жөнінде полицияға 9 мұғалім ресми түрде арыз жазған.  Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 9 миллион теңге деп бағаланады. Зардап шеккендердің нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін.

2026 жылғы 5 қаңтарға білім беру бөлімінің бұйрығымен мектеп директоры қызметінен уақытша шеттетілген.

Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «кедергісіз келешек» жобасы аясында спорт сайысы өтті

admin

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орын алды

admin

Қазақстанның үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы қалай?

admin