ЖИ қателігі: Әйел жазықсыз 4 ай түрмеде отырып, үйі мен көлігінен айырылды

АҚШ-та 50 жастағы әйел жасанды интеллект жүйесінің қателігі салдарынан немерелерінің көзінше ұсталып, шамамен жарты жылға жуық уақыт қамауда отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Фарго қаласының полиция қызметкері Солтүстік Дакота штатында жалған әскери куәлік арқылы бөтен адамдардың шоттарынан ондаған мың доллар шешіп алған алаяқты табу үшін бет-әлпетті автоматты тану бағдарламасын пайдаланған. Бағдарлама бейнекамералардан алынған деректерді талдап, жалғыз сәйкестік ретінде Теннесси штатының тұрғыны Анжела Липпсті көрсеткен.
Липпс ешқашан Солтүстік Дакота штатында болмағанына қарамастан, полицейлер оны ұстап, басқа штатқа экстрадициялауды күтіп отырған кезде түрмеге қамаған. Әйел төрт ай бойы қамауда отырған.
Кейін адвокат оның қылмыс жасалған сәтте оқиға орнынан екі мың шақырым қашықтықта болғанын дәлелдейтін банк құжаттарын ұсынған соң ғана сот істі тоқтатып, әйелді босатқан.
Алайда қамауда отырған уақыт ішінде Анжела Липпс үйінен, көлігінен және итінен айырылып қалған.








