The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

АҚШ-та коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу Орталықтары (CDC) елде COVID-19-дың жаңа нұсқасы JN.1 тарап жатқанын мәлім етті. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

CDC дерегінше, елде COVID-19 жұқтырғандардың 44%-ы вирустың осы түрін жұқтырған. Бұған дейін бұл көрсеткіш АҚШ-та 21,4 пайыз болған. 

Мамандардың сөзінше, JN.1 әсіресе солтүстік-шығыс аудандарда, оның ішінде Нью-Джерси мен Нью-Йоркте көп тараған. COVID-19 жұқтырғандардың 57 пайызға жуығы осы өңірде тұрады.

CDC-дің таратқан ақпаратында JN.1 үлгісі тамыздан бері бақылап отырған ВА.2.86 нұсқасымен тығыз байланысты екені жазылған.

Айта кетейік, JN.1 алғаш рет АҚШ-та 2023 жылдың қыркүйегінде анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ ресейлік мұнайға қатысты қосымша санкцияларды алып тастауы мүмкін

admin

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігер 18 жылға сотталды

admin

Каждый пятый казахстанец едет учиться в российские вузы

admin