The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Еурокомиссия Газа тұрғындарын қолдауға қосымша 68 млн еуро бөледі

АСТАНА. KAZINFORM – Еурокомиссия бүкіл аймақтағы Палестина халқын қолдауға қосымша 68 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл халықаралық серіктестер, соның ішінде Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұйымы арқылы жүзеге асырылады.

Осы қаражат UNRWA арқылы 2024 жылы берілетін 82 млн еуро көлеміндегі ЕО-ның тағы бір көмек пакетін толықтырады. Нәтижесінде жалпы сома 150 млн еуроға жетеді.

Еурокомиссия келесі аптада БАПОР қорынан 50 млн еуро бөлуді бастайды. Сонымен бірге ЕК 2024 жылы палестиналықтарға гуманитарлық көмек ретінде 125 млн еуро бөлді.

«Біз Газадағы және аймақтағы басқа елдердегі Палестина халқын қолдаймыз. Жазықсыз палестиналықтар ХАМАС лаңкестік тобының қылмыстары үшін тауқымет көрмеуі керек. Олар азық-түлік пен басқа да негізгі қажеттіліктерге қолжетімділіктің жоқтығынан өз өмірлеріне қауіп төндіретін ауыр жағдайларға тап болады. Сондықтан біз оларға қолдау көрсетуді биыл тағы 68 млн еуроға арттырып жатырмыз», — деді Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлыбритания барлау қызметінің басшысы: Украинада Ресей әскерінің «демі таусылды»

admin

Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барады

admin

Зеленский Ресей соққыларының басты нысанасы не екенін айтты

admin