The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Илон Маск адамзатқа төніп тұрған басты қауіпті атады

Әйгілі бизнесмен Илон Маск демографиялық коллапсты бүгінде адамзатқа төніп тұрған басты қауіп деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы америкалық бизнесмен Илон Маск Х әлеуметтік желісінже жазды. «Адамзат тап болып отырған ең үлкен проблема — демографиялық коллапс», — деп пікір білдірді Маск DogeDesigner деген қолданушының бірнеше елдегі бала туу көрсеткіші тым төмендеп кеткені туралы жазбасына. Жарияланымда аталған елдер: Жапония, Сингапур, Вьетнам, Италия, Нидерланд, Оңтүстік Корея және Қытай. Еске салайық, 2022 жылдың соңында Жер халқы 8 миллиард адамға жетті. Сондай-ақ Үндістан, сарапшылардың пікірінше, халық саны бойынша Қытайдан асып түскен және 2023 жылы әлемдегі адам ең көп қоныстанған ел болады. Тегін анықтамалық сервис болып табылатын және планета халқы бойынша өзекті статистиканы келтіретін Worldometers сайтының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Жер халқы 8 млрд адамнан асқан. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресей Еуропаға газ экспортын азайтса, өз экономикасын өзі күйретеді

admin

Зеленский Ресей соққыларының басты нысанасы не екенін айтты

admin

Азия чемпионы атанған елордалық палуан елге оралды

admin