The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Моңғолияда боранда із-түзсіз жоғалған 294 адам құтқарылды

Моңғолияда алапат қарлы боран кезінде жоғалған 294 адам аман табылып, құтқарылды. Бұл туралы бейсенбіде Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі Бас басқармасынан хабарлады. Kazinform агенттігі бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі кезде өткен түні күшті қарлы боран болған елдің Сухбаатар, Дорнод, Хэнтий және Дорноговь аймақтарында жоғалған 14 адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.

Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаға мониторинг жүргізу институтының хабарлауынша, сәрсенбіде елдің шығыс аймақтарында қатты боран басталды. Жел екпіні кей жерлерде 25-30 м/с дейін жеткен.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елдің басым бөлігінде күн құбылмалы және салқын болады қар аралас жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 6 қарашада Моңғолияның Тув және Увурганхай аймақтарында қарлы боран салдарынан сегіз көшпелі малшы қаза болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Олардың арасында 11 жасар бала бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты

admin

30-дан астам еуропалық медиа компания Google-ды сотқа берді

admin

Ставшая гражданкой России Наталия Орейро записала обращение на русском языке

admin